Көше спорт түрлерінен жарыс өтті
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар мен жасөспірімдер арасында көше спорт түрлерінен жарыс өткізілді. Іс-шара жастар арасында бұқаралық спортты, көше спортын кеңінен насихаттап, салауатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттерден аулақ болып, тұрақты спортпен шұғылдануын әдетке айналдыру мақсатында болды.
Іс-шараға барлығы 5 команда қатысты. Олар: №1 ЖОББМ, №2 ММГ, №3 ЖОББМ, №4 ЖОББМ және Жайсаң көпсалалық колледжі. Сайыс қорытындысы бойынша қыздар және ер балалар арасындағы жеңімпаздар анықталды.
Пресстен (қыздар) 1-ші орынды Рудченко А., 2-ші орынды Швачко А., 3-ші орынды Жубанышева А. иеленді.
Планкадан (қыздар) 1-ші орын Кун Л., 2-ші орын Азизова Д., ал 3-ші орын Плис А. бұйырды.
Отжимание (ер балдар) сайысында 1-ші орынды Назаров А., 2- орынды Қазиев Е. 3- орынды Мукашев А. мен Балмагамбетов Д. Иеленді.
Брусьядан (ер балдар) 1-ші орын Дощанов Е., 2-ші орын Елтаев С. және 3-ші орын Ильясов Р. алды.
Подтягивание (ер балдар) 1-ші орын Умирзаков Н, 2-ші орын Муратұлы М. мен Жумаев А., ал 3-ші орынды Мұратұлы М. алды.
Тартысты сайыста жеңіске жеткен жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды. Сайысқа оқушыларды дайындап қатыстырған жаттықтырушыларға алғыс білдіреміз!